«Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 Қаулысы

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 259 Қаулысы

 

«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттерін және республикалық ұйымдарға бөлінетін қаражатты пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін:

орталық атқарушы органдарға бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп беруді;

жергілікті бюджеттерді нақтылаған кезде аудандық мәслихаттардың бақылауымен дамудың, оның ішінде аумақтар мен жергілікті маңызы бар объектілерді абаттандырудың ағымдағы мәселелерін шешу үшін село (ауыл) әкімдеріне қаржылай қаражат бөлуді қамтамасыз етсін.

3. Орталық атқарушы органдар ай сайын, есептіден кейінгі айдың 7-күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Қаржы министрліктеріне өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясының іске асырылу барысы туралы есеп ұсынсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.